itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші рет жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ "ҰҒСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Қазақстан аумағында,Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан.
Эпицентр координаттары: 44.609º с.е.,79.709º ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Есептік қарқындылығы (баллмен):
Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл;
Текелі қаласы - 2 балл;
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 2 балл.
"Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түскен жоқ,тұрғындардан 112 нөміріне қоңырау тіркелмеді",- делінген ТЖМ хабарламасында.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше,жер сілкінісі 31 наурызда Астана уақытымен сағат 11:11-де болды. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 болды.
Еске салайық,31 наурызға қараған түні осы ауданда магнитудасы 4,4 болған жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.