Қазақстанның бес қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Jul 8, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ 8 шілдеде Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күті

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 шілдеде Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 8 шілдеде Орал,Астана,Алматы,Ақтөбе,түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді",- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.