Қазақстандықтар Астана күнінде қалай демалады?

Jun 25, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай бірнеше күн дем

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай бірнеше күн демалады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана күні

Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді,сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады.

Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5,6 және 7 шілде (сенбі,жексенбі,дүйсенбі) - демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;

6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) - демалыс күндері.

Шілдеде қанша демалыс күн бар?

Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып,22 күн жұмыс істесе,6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып,26 күн жұмыс істейді.