Спорт

Жаңа Салық кодексі Президенттің қол қоюына жіберіледі

Jun 25, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары сенаторлардың жаңа Салық кодексіне,сондай-ақ салық салу туралы заң жобасына енгізген түзетулерімен келісті. Енді құжат президенттің қол қоюына жіберіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Дүйсенбі,23 маусымда сенаторлар жаңа Салық кодексінің жобасын қарады. Парламентарий құжаттың кейбір тармақтарымен келіспей,оны Мәжіліске қайта өңдеуге жіберді. Олар келесі өзгерістерді ұсынды:

Шаруалар – табысы 230 000 АЕК-тен асатын (2025 жылы шамамен 900 миллион теңге) фермерлерге 4,5 пайыздық салық салынады. Бұрын олар салық төлемейтін;

Биржалар – KASE-де құнды қағаздардан түскен табыс жеке табыс салығына жатпайды,бұл қазақстандық және халықаралық биржалар арасындағы теңгерімсіздікті болдырмау үшін жасалды;

Төлем карталары – карталар арқылы жасалған операциялар ҚҚС-тан босатылады,бұл комиссиялардың өсуіне және төлемдермен байланысты қиындықтарға жол бермеу үшін қажет;

Сән-салтанат салығы – қымбат көліктерге (75 миллион теңгеден жоғары),яхталар мен ұшақтарға акциз салығы салынады,олар ел ішінде сатып алынған болса да;

Мүгедектігі бар адамдар – құрамында кемінде 10 мүгедек адамы бар компаниялар ҚҚС-тан босатылады;

Газеттер мен журналдар – отандық баспа басылымдары үшін ҚҚС мөлшерлемесі 10 пайыз болады;

Салықтар мен жеңілдіктер – жаңа салықтар немесе жеңілдіктердің күшін жою тек алдын ала,1 шілдеден кеш емес енгізілуі тиіс және олар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бүгін Парламентте жаңа Салық кодексі қабылданды,енді ол Президенттің қол қоюына жіберіледі.

Егер Президент қол қойса,құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.