Спорт

Жел және жаңбыр: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?: 25 маусым 2025, 09:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz

Jun 25, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәрсенбі,25 маусымда Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің бірқатар өңірінде найзағай,жаңбыр,бұршақ және дауылды жел күтіледі,ал еліміздің оңтүстігінде +38 градусқа дейін қатты ыстық және құмды дауылдар болжанып отыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты,түнде және таңертең жаңбыр,найзағай. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с,күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11,күндіз +20…+22.

Алматы – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с,күндіз екпіні 13 м/с дейін. Температура түнде +21…+23,күндіз +34…+36.

Шымкент – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 8–13 м/с,күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +21…+23,күндіз +36…+38.

Ақтау – құбылмалы бұлтты,түнде жаңбыр,найзағай. Солтүстік-батыс,батыс желі 7–12 м/с. Температура түнде +16…+18,күндіз +22…+24.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15,күндіз +25…+27.

Атырау – құбылмалы бұлтты,найзағай. Батыс,солтүстік-батыс желі түнде 2–7 м/с,күндіз 7–12 м/с. Температура түнде +15…+17,күндіз +26…+28.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты,күндіз жаңбыр,найзағай,бұршақ,дауыл. Солтүстік-шығыс желі 7–12 м/с,екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +15…+17,күндіз +27…+29.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты,бұршақ. Солтүстік-шығыс,шығыс желі 7–12 м/с,күндіз екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде +10…+12,күндіз +21…+23.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыс желі түнде 5–10 м/с,күндіз 7–12 м/с. Температура түнде +8…+10,күндіз +19…+21.

Қонаев – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс бағыттағы жел солтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы 9–14 м/с,екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +20…+22,күндіз +35…+37.

Қостанай – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 5–10 м/с. Температура түнде +8…+10,күндіз +22…+24.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты,дауыл,құмды дауыл. Солтүстік-батыс желі түнде 9–14 м/с,күндіз 15–20 м/с,екпіні 23 м/с дейін. Температура түнде +19…+21,күндіз +31…+33.

Павлодар – құбылмалы бұлтты,найзағай. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15,күндіз +21…+23.

Петропавл – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Батыс,солтүстік-батыс желі 5–10 м/с. Температура түнде +8…+10,күндіз +19…+21.

Семей – құбылмалы бұлтты,күндіз бұршақ болуы мүмкін. Батыс,солтүстік-батыс желі 7–12 м/с,екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +15…+17,күндіз +23…+25.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты,күндіз өткінші жаңбыр,найзағай. Оңтүстік-батыс желі 7–12 м/с,екпіні 14 м/с дейін. Температура түнде +18…+20,күндіз +34…+36.

Тараз – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс бағыттағы жел оңтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы 9–14 м/с. Температура түнде +19…+21,күндіз +34…+36.

Түркістан – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыс желі 8–13 м/с,екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +24…+26,күндіз +36…+38.

Орал – құбылмалы бұлтты,дауыл. Батыс,солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15,күндіз +25…+27.

Өскемен – құбылмалы бұлтты,күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыс бағыттағы жел солтүстік-батысқа ауысады,7–12 м/с,күндіз +26…+28.