Рим Папасы Лев XIV Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды

Jun 24, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Рим Папасы Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды,- деп хаба

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рим Папасы Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vatican News агенттігіне сілтеме жасап.

"Рим Папасы Лев XIV соғыстың,әсіресе Таяу Шығыстағы қантөгістің тоқтауын талап етеді. Ол соғыс мәселелерді тек ушықтырып,терең жара қалдыратынын және тұрақты шешім әкелмейтінін еске салады",– делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ,Рим Папасы Таяу Шығыстан,әсіресе Ираннан,алаңдатарлық жаңалықтар әлі тоқтамай жатқанын атап өтті.

Еске салайық,Дональд Трамп АҚШ Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша,америкалық ұшақтар Иран әуе кеңістігінен шығып,АҚШ-қа қайтып бара жатыр. Сонымен қатар,Трамп әкімшілігі бұл шабуыл туралы алдын ала Израильге хабар берген. Иран тарапы әуе шабуылдарын растады.

Бұған дейін Трамп алдағы екі апта ішінде Иранға соққы беру туралы шешім қабылдайтынын айтқан еді. Ал АҚШ вице-президенті елдің Ирандағы соғысқа тікелей араласуына қарсы екенін білдірген.