Путин Киевтен төрт облыста өткен референдумдарды мойындауды талап етті

Jun 23, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Ресей президенті Владимир Путин Sky News Arabia телеарнасына берген сұх

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Sky News Arabia телеарнасына берген сұхбатында Киев "ДХР","ЛХР",Запорожье және Херсон облыстарының Ресей құрамына кіруі жөніндегі референдумдардың нәтижесін мойындауы қажет екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Путиннің айтуынша,бұл нәтижелерді елемеу "қарулы қақтығыстың қайта басталуына әкелуі мүмкін". Сондай-ақ,Ресей көшбасшысы өңірдегі ұзақмерзімді тұрақтылықтың негізі ретінде Украинаның бейтарап мәртебесін,яғни шетелдік альянстарға мүше болудан және ядролық қарудан бас тартуын атады. Сонымен қатар,"шешілмеген гуманитарлық мәселелерді" реттеу қажет екенін айтты.

"Мен Украина қазіргі басшылығының үшінші тараптардың емес,ұлттық мүдделерге сүйенетініне үміттенемін. Украина Ресейге қарсы жұмыс істейтін сыртқы күштердің құралы болудан әлдеқайда жоғары",– деді Путин.

Бұған дейін Кремль басшысы Ресейдің украиналық Сумы қаласын басып алу мүмкіндігін "толық жоққа шығармайтынын" айтқан болатын. Сонымен бірге,Путин Мәскеу Киевтің тізе бүгуін талап етпейтінін,тек "жердегі қалыптасқан шынайы жағдайды" мойындауды сұрайтынын мәлімдеді.

2022 жылғы қыркүйекте Донецк,Луганск,Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылу туралы референдумдар өтті. Ресми мәліметтер бойынша,бұл аймақтарда 87-ден 99 пайызға дейінгі дауыс Ресейге қосылуға берілген.

2 маусымда Ыстамбұлда өткен тікелей келіссөздердің кейінгі кезеңінде Ресей мен Украина бейбіт реттеу туралы меморандум жобаларымен алмасты.

Украина президенті Владимир Зеленский Украина бейтарап мәртебе жариялауды және НАТО-ға қосылу ниетінен бас тартуды жоспарламайтынын бірнеше рет мәлімдеген.