Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жеке инвестордың қаржысына салынып,биыл пайдалануға берілген көпфункциялы ғимараттың қызметімен танысты.
Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар,сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады.
Нысан аумағында футзал,волейбол мен баскетбол алаңдары,бокс,дзюдо,қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар.
Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп,олардың келешекте әлем,олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді.
"Бұл үшін,ең алдымен,еңбек ету керек,табандылық қажет. Жеңіске тек еңбекқорлық қана жеткізеді",– деді Мемлекет басшысы.
Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі