БҚО-да сот үкімі шыққаннан кейін судья қамауға алынды

Jun 4, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ БҚО-да 2024 жылы ұсталған Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұ

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да 2024 жылы ұсталған Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты сот процесі аяқталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында қаралды. Айыпталушылар орындығында Руслан Жұмағұловпен бірге тағы бір айыпталушы - адвокат отырды.

Руслан Жұмағұловқа Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 190-бап 3-бөлім 2-тармағы ("Алаяқтыққа оқталу") бойынша айып тағылды. Екінші айыпталушыға қатысты іс 190-бап 2-бөлім 3-тармағы,24-бап 3-бөлігі,28-бап 4-бөлігі – 367-бап 2-бөлігі баптары бойынша қаралды.

Сот Руслан Жұмағұловты тағылған айып бойынша кінәлі деп танып,2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім жарияланғанға дейін Жұмағұлов үйқамақта болды. Сот оны залда қамауға алуға қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.