Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында (AIF) сөз сөйледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан қазіргідей алмағайып заманды сындарлы ықпалдастық тұрғысынан қарастырады. Сыртқы саясатта жікке бөлінбей диалогқа келуді,кез келген елдің егемендігін құрметтеуді басшылыққа аламыз. Әсіреұлтшылдық танытып,өзге халықтардың тарихы мен мәдени дәстүрлерін менсінбеуге жол берілмейді. Аз халықтардың ана тілінде сөйлеп,төл мәдениетін дәріптеуіне құрметпен қарау қажет. Сондықтан Қазақстанда "Бірлігіміз – әралуандықта" қағидатын қатаң ұстанамыз",- деді Президент
Форумның пленарлық отырысының трансляциясын төмендегі видеодан көруге болады.
Астана халықаралық форумы - бұл үкімет өкілдері,халықаралық ұйымдар,ірі компаниялар мен ғылыми қауымдастықтардың жаһандық маңызы бар мәселелерді - экономика,қауіпсіздік,экология және климатты - талқылайтын диалог алаңы.
Astana International Forum 2025 жылғы 29-30 мамырда өтеді.