Спорт

Тоқаев Алматының жаңа әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді

May 28, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары,соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму,қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда,тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету,экономиканы әртараптандыру,қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту,сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту,экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.