Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: тексеріс күшеймек

Apr 27, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған оқиғалардан кейін мемлекеттік бақылау тәсілде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған оқиғалардан кейін мемлекеттік бақылау тәсілдері өзгермек,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Яғни бұл балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге,жан-жақты бағалау үшін тексерістер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға,сондай-ақ,нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторинг сапарларын енгізуге бағытталған.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен келісе отырып,Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталуына жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр. Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды,бүгінгі таңда 14 мектептің ас блогы тексерілді. Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту,Денсаулық сақтау министрлігін,Бас прокуратураны қоса алғанда,мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды",- деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінен ведомствоаралық жұмыс тобы құрамына Ақтөбе,Жамбыл,Қостанай облыстарының,Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман кірген.

Еске салайық,бұған дейін Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау жүйесінде кемшіліктер барын айтты. Президент Маңғыстауда оқушылар жаппай уланған жайттар туралы да мәлімдеді.