Дәрігер мен есепші 758 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Apr 23, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды,- деп ха

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Тараз соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С. Шаушенова мен бас бухгалтер А. Достаеваға қатысты үкім шығарды.

"Олар "Қайрат Құрылыс-ҚК" ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар,бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды.

"Сот үкімі бойынша,Шаушенова 9 жылға,Достаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сонымен қатар,сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады".

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.