Қазақстанның Шри-Ланка мен Даниядағы елшілері тағайындалды

Apr 22, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстанның Шри-Ланка мен Даниядағы елшілері тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Шри-Ланка мен Даниядағы елшілері тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік,бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолиядағы елшісін ауыстырған болатын.