Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Apr 7, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Шымкентте Үндістаннан келген студент түсініксіз жағдайда көз жұмды,- деп хабарлайды Tengrinews.k

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Үндістаннан келген студент түсініксіз жағдайда көз жұмды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол медициналық академияда оқыған.

"Ер адамның өлімі дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша,өлім себебі – жүректің тоқтауы",– деп мәлімдеді Шымкент ПД.

Жігіттің денесі өзі тұратын пәтерден табылған.

Полиция департаментінің мәліметінше,өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр",– деп қосты ведомство.