Қазақстанда үш АЭС салынуы мүмкін

Mar 15, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстанда бір емес,үш атом электр станциясы (АЭС) салынуы мүмкін. Бұл туралы Бурабайдағы Ұ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір емес,үш атом электр станциясы (АЭС) салынуы мүмкін. Бұл туралы Бурабайдағы Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп,осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып,энергетика саласын кешенді түрде,жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді.

Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен,дәл сол себепті,Қазақстанға бір емес,үш атом электр стансасын салып,ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.