Спорт

Наурыздағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Mar 10, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбі мен жексенбі күндері,яғни 8 және 9 наурыз,ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді. 10 наурыз,яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып,9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21,22,23,24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз,яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

Еске салайық,Қазақстанда демалыс күндері: 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы.