ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" синоптиктері 1,2 және 3 наурыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп,еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып,боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады,2-3 наурызда оңтүстікте,3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Сондай-ақ,тұман,көктайғақ,желдің күшеюі болжанып отыр.
Ауа температурасы:
Батыс,солтүстік-батыс,солтүстікте түнде -8...-23°C;
Шығыс,орталықта түнде -10...-26°C;
Оңтүстікте түнде -2...-15°C;
Оңтүстік-шығыста түнде -3...-10°C,таулы аймақтарда -12...-20°C.
Бұл күндері ауа райы құбылмалы болатыны айтылды.