МҰҚК Қырғызстан президентінің “туысы“ ұсталған сәттің видеосын көрсетті

Feb 19, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қырғызстанда екі ер адам ұсталды,олардың бірі өзін президент Садыр Жапаровтың кеңесшісі әрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда екі ер адам ұсталды,олардың бірі өзін президент Садыр Жапаровтың кеңесшісі әрі туысымын деп таныстырған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәліметінше,ер адам өзін президенттің кеңесшісі және оның жақын туысымын деп таныстырып,құны шамамен 50 миллион сом болатын көмір кен орнын шетелдік компанияның меншігіне беруді талап еткен. Егер талап орындалмаса,кен орнын иеленушіні құқық қорғау органдары арқылы қамауға алдыртамын деп қорқытқан.

Жәбірленуші бұл жағдай туралы МҰҚК-ға арызданғаннан кейін,күдікті мен оның сыбайласына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында олардың Қырғызстан президенті және оның туыстарымен ешқандай байланысы жоқ екені расталған.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті ұсталып,МҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр,қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып жатқаны айтылды.