ҚБТУ-дағы өрт: университет мәлімдеме жасады

Jan 14, 2025 IDOPRESS
Қазақстан-Британ техникалық университеті 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өрт туралы түсінік

Қазақстан-Британ техникалық университеті 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өрт туралы түсініктеме берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан-Британ техникалық университеті 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өрт туралы түсініктеме берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының 4 қабатында өрт шықты. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-қимылымен өрт тез арада оқшауланып,жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

"Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп,оқиғаның себептерін тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады",- делінген хабарламада.

Еске салайық,11 қаңтарда кешке Алматы қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимаратынан өрт шықты.