Синоптиктер Қазақстанда 21,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес,21 желтоқсаннан бастап Қазақстанның көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсер етеді - қар,бұрқасын және күшті жел күтіледі. Елдің тек батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр,қар) және көктайғақ болуы мүмкін.
21 желтоқсан күні Павлодар облысында,22 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. 23 желтоқсанға қарай,батыс антициклонының әсерінен оңтүстік аймақтарда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды",- деді синоптиктер.