Алматыдан ұшқан үш жолаушы ұшақ бортында стюардесса ұсынған тағамнан бас тартып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News18 арнасына сілтеме жасап.
Алматыдан Делиге ұшқан ұшақ бортында стюардесса күдікті үш жолаушыны байқаған. Олар стюардесса ұсынған тамақ пен судан бас тартып,жол бойы қозғалыссыз отырған. Ұшу барысында ешкіммен сөйлеспеген.
Indigo Airlines 6E-1802 рейсінің үш жарым сағаттық рейсі кезінде стюардесса күдікті жолаушыларға бірнеше рет шай немесе су ұсынбақ болған. Алайда жолаушылар қызметкердің ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартты. Олардың бұл әрекеті күдік тудырып,жағдай капитанға ескертілген. Капитан әуежайдағы кеден қызметкерлеріне күдіктілер туралы алдын-ала баяндаған.
Ұшақ түнгі сағат 1:30 шамасында Дели әуежайына қонғанда,кеден қызметкерлері күдіктілерді күтіп тұрған. Оларды қызметкерлер тергеп,жүктерін сканерден өткізді. Бастапқы тексеруде күдікті ештеңе анықталмады. Металл іздегіш құралын қолдану да нәтиже бермеді.
Алайда,жауап алу кезінде үшеуі де тік ішектеріне алтын құймаларын жасырғанын мойындады. Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы шамамен 439 грамды құрайтын сегіз алтын құймасы табылды.
Үш жолаушы да ұсталып,қамауға алынды.