Спорт

Жол-көлік оқиғасынан қалай ақша табуға болады

Nov 15, 2024 IDOPRESS
Жолдарда ақы төлеу керек екені баршаға белгілі. Жөндеу,апаттар және шексіз айыппұлдар. Ал сізде қазір ақша та

Жолдарда ақы төлеу керек екені баршаға белгілі. Жөндеу,апаттар және шексіз айыппұлдар. Ал сізде қазір ақша табуға мүмкіндік пайда болғандығы туралы білдіңіз бе?

Жолдарда ақы төлеу керек екені баршаға белгілі. Жөндеу,апаттар және шексіз айыппұлдар. Ал сізде қазір ақша табуға мүмкіндік пайда болғандығы туралы білдіңіз бе?

Қазақстанда алғаш рет DTP.kz қосымшасы жол-көлік оқиғаларының куәгерлеріне апаттарға қатысушыларға сақтандыру сыйақысын алуды жеңілдетіп қана қоймай,өздері де табыс табуға мүмкіндік береді.

Әрқайсымыз елді мекендердің көшелерінде жол - көлік оқиғаларын көруге мәжбүр болғандығымыз рас. Көбінесе оларды ұялы телефондарға куәгерлер түсіреді және әлеуметтік желілерде лүпілдер мен пікірлер жинайды. Ал енді сіз апатқа қатысушыларға сақтандыру төлемін алу мүмкіндігін жеңілдете отырып,одан ақша таба аласыз.

Өкінішке орай,кейде сақтандырушыдан ақшаны күту 100 күнге дейін созылады. Бірақ екі жыл бұрын Freedom Insurance сақтандыру компаниясы бұл процесті айтарлықтай жылдамдататын ЖКО реттеу үшін цифрлық сервис - DTP.kz-ті іске қосты. Сервисті пайдалана отырып,ЖКО қатысушылары 2-ден 5 күнге дейінгі мерзімде ақша алу мәселесін шеше алады. Бірақ компания мұнымен тоқтаған жоқ. Төлемдерді алу процесін жеңілдету үшін апаттық кеңесшілердің арнайы пайдаланушылық функциясы енгізілді. Бұл қызмет апаттан зардап шеккендерге де,кеңесші болуды шешкен пайдаланушыларға да пайдалы.

ЖКО тіркеуден қалай ақша табуға болады

Ол үшін ЖСН,18 жастан асқан болуы,DTP.kz қосымшасын жүктеп және тіркелу және Freedom Bank-тен "Supercard" депозиттік картасын ашу жеткілікті. Әрі қарай,апатты көріп,сіз жақындайсыз және жай ғана камераға көлік құралдарының көрінетін нөмірлері бар ЖКО фактісін түсіресіз. Бұл бірнеше рет басу арқылы жасалады.

Ең ыңғайлы интерфейс және Яндекс карталарына байланыстыру сізге Freedom Insurance сақтандыру компаниясына деректерді беру арқылы апатты бірнеше минут ішінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар саны 10 автокөлік құралына дейін кез келген ЖКО тіркелуге жатады.

ЖКО-ны алғашқы тіркегені үшін сіз 3 000 теңге мөлшерінде сыйақы аласыз,кейінгілері 1 000 теңгеге бағаланады.

Маңызды жайт: есептеулер қазіргі кездегі бағам бойынша Freedom валютасында жүргізіледі. Оның құны американдық NASDAQ қор биржасында сатылатын Freedom Holding Corp акцияларының құнына байланысты.

"Freedom валютасы" холдингтің акцияларымен бірге өсуі мүмкін. Картаңызға "Freedom валютасын" ала отырып,сіз автоматты түрде Freedom акционері боласыз. Сіз оларды жеке қауіпсіздік жастығын қамтамасыз ете отырып,өз шотыңызға жинай аласыз немесе ағымдағы бағам бойынша теңгеге айырбастай аласыз. Сондай-ақ,Freedom валютасымен кез келген сатып алу,коммуналдық және мемлекеттік қызметтер үшін үш Freedom Bank мультивалюталық карталарының бірін пайдаланып төлеуге болады.

ЖКО-нан одан да көп ақша тапқыңыз келе ме?

Жоғары сыйақыға кепілдік беретін келесі кезең-оқиғаны Еуропалық хаттама бойынша рәсімдеу. Ол үшін қысқа онлайн оқытудан өту жеткілікті,онда Сізге іс-қимыл тәртібі егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Осыдан кейін 30 сұрақтан тұратын емтихан тапсыру керек. Өтімділік шегі 70 % құрайды.

Мұндай рәсім үшін апаттың тек екі қатысушысы болуы керек және олар қандай сақтандыру компаниясының клиенттері екені маңызды емес. Сервистің міндеті-жәбірленуші тарап үшін төлемдерді 2-ден 5 күнге дейін алуды барынша жеңілдету. Қосымшаны пайдаланып оқиғаны рәсімдеу жеткілікті.

ЖКО-н көріп,қатысушыларға жақындап,өздерін таныстырып,жол полициясы мен куәландырусыз ресімдеуге көмек ұсыну қажет. Тараптардың келісімімен сіз жәбірленуші тараптың нөмірін білесіз,оны қосымшаға енгізесіз және DTP.kz. сервисіне сілтеме аласыз. Сілтемені ЖКО-ның жәбірленушісіне жібересіз. Ол сілтеме бойынша өтіп,өз деректерін енгізеді (ЖКО фотосуреті,төлқұжаттар,төлем алу үшін деректемелер). Әрі қарай,кінәлі де осындай ақпаратты енгізеді. Өтінім толтырылғаннан кейін және екі қатысушы да "ГКБ" - дан SMS хабарлама алады,пайдаланушы одан әрі Freedom депозиттік картасына түсіре алатын DTP.kz қосымшасында сыйақынының түскені туралы хабарлама алады. Ең ұзақ дегенде 15-20 минуттан аспайтын іс. Сыйақы мөлшерлемелері жоғары. Алғашқы ресімделген өтінім сізге 5 000 теңге,одан кейінгі барлық өтінім - 3 000 теңге әкеледі.

Ақша кеңесшіге Freedom валютасындағы Freedom Bank картасына бір-үш жұмыс күні ішінде аударылады.

Барлық іс-әрекеттер барлық қажетті салықтар мен аударымдарды төлей отырып,ашық түрде жүргізілуі маңызды. Компания мамандарының есептеулері бойынша бұл қызмет күніне бір сағат уақыт жұмсаған кезде айына 150 000 теңге мөлшерінде табыс әкелуі мүмкін. Және бұл таңқаларлық нәрсе емес. Шынында да,ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылғы 1 қыркүйекке елімізде 5 579,4 мың бірлік автокөлік құралдары тіркелген. Олардың 88%-ы жеңіл автомобильдер. Тек 2023 жылы сақтандыру компаниялары міндетті автосақтандыру шарттары бойынша 92 925 төлем жасады.

Сондықтан,егер сіз аз күш жұмсай отырып,қосымша табыс табуды ойласаңыз,онда бұл жақсы ұсыныс. Бұл ретте сіз өзіңіздің материалдық жағдайыңызды жақсартып қана қоймай,ЖКО қатысушыларына да көмектесесіз. Өйткені,Еуропалық хаттама бойынша ЖКО ресімдеу үшін қажетті штаттық сақтандыру комиссарын күту белгілі бір уақытты алады. Қазіргі уақытта ресурс өте сұранысқа ие және қымбат. Төтенше жағдай бойынша апаттық кеңесші әрдайым жақын жерде бола алады,бұл мәселені бірнеше минут ішінде шешуге мүмкіндік береді.

Сондықтан уақытты жоғалтпаңыз және DTP.kz. қосымшасын жүктеу үшін осындағы сілтемеге өтіңіз,тіркеліңіз де,іске кірісіңіз!

Жеке шотыңызды толтыра отырып,жолдарымызды қауіпсіз етуге көмектесіңіз!