Спорт

Семейде балабақша тәрбиешісі жұмысынан шеттетілді

Nov 11, 2024 IDOPRESS
Семейде балабақша тәрбиешісі балаға күш қолданғаны үшін уақытша жұмыстан шеттетілді,- деп хабарлайды Tengrinews.

Семейде балабақша тәрбиешісі балаға күш қолданғаны үшін уақытша жұмыстан шеттетілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Semeitv.kz-ке сілтеме жасап.

Семейде балабақша тәрбиешісі балаға күш қолданғаны үшін уақытша жұмыстан шеттетілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Semeitv.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-ананың айтуынша,қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің бірінде тәрбиеші әріп пен білім беру бағдарламасын білмегендіктен,балаға күш қолданған.

Олар әкімшіліктен бейнекамера жазбаларын көрсетуді талап еткен. Видеоны қарап шыққаннан кейін баланың ата-анасы полицияға жүгінді.

Қазір тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталғанға дейін ол жұмыстан шеттетілді.

"Семей қаласының білім бөліміне қарасты балабақшалардың бірінде болған жағдайды түсіндіргіміз келеді. Бейнежазбадан тәрбиеші баланың басынан бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ата-анасы арыз берді,қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр",- деді облыстың білім басқармасы өкілі.

Тәрбиеші кездейсоқ қолын бұлғап қалғанын айтқан.

Медициналық сараптама баладан дене жарақатын анықтаған жоқ,ол балабақшаға барып жүр.

"Қалалық білім бөлімі осы оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізді. Тәрбиешінің іс-әрекеті педагогикалық кеңесте қаралды,оған қатаң сөгіс берілді,тергеу аяқталғанға дейін уақытша жұмыстан шығарылды. Тексеріс қорытындысы бойынша балабақша құрылтайшысына тиісті бақылау жүргізбегені үшін меңгерушіге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жіберілді",- деді облыстық білім бөлімі өкілі.