Елорда әкімдігі қолайсыз ауа райының басталуына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр,деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"7 қарашада таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2000-нан аса жол жұмысшысы мен 750-ге жуық арнайы техника шықты. Бірінші кезекте орталық көшелерде,жолаушылар көлігі маршруттарында,аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Онда самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған,бейнебақылау камералары орнатылған,жарықтандыру қосылған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды,қауіпсіздік ережелерін сақтауды,дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз".
"Қазгидромет" РМК мәліметінше,7 қарашада Астанада қар,көктайғақ және боран болады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с,кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжап отыр.