Спорт

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 11 адам зардап шекті

Sep 18, 2024 IDOPRESS
Оралда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып,салдарынан 11 адам зардап шекті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі \"Мо

Оралда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып,салдарынан 11 адам зардап шекті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Оралда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 17 қыркүйекте сағат 9.20 шамасында Алаш және Светлая көшесінің қиылысында болған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше,ГАЗель Next-пен Nissan Teana соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Nissan-ның жүргізушісі мен екі жолаушысы және автобустағы 8 жолаушы зардап шегіп,ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр",– дейді Полиция департаментінің өкілдері.

"Батыс Дилижанс" ЖШС автобус паркінің басшысы Владимир Юркевич Nissan-ның жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткенін айтады.

"Өзіміз де нақты ештеңе білмей отырмыз. Онға жуық жедел жәрдем көлігі келді. Автобус жүргізушісін наркологиялық тексерістен өткізуге алып кетті. Іште отырған адамды шығару үшін көліктің оң жағын кесуге тура келді. Жеңіл көліктің жүргізушісі де ауруханаға кетті. Автобус жүргізушісінің сөзінше,ол өз жолымен кетіп бара жатқан,жеңіл көлік жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шыққан. Асқан жылдамдықпен келе жатқан көрінеді",– дейді Юркевич.