Спорт

Алматыда сержанттың мәйіті табылды: Әскери институт егжей-тегжейін хабарлады

Sep 13, 2024 IDOPRESS
Алматыда орналасқан Құрлық әскерлері Әскери институты сержанттың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады,-

Алматыда орналасқан Құрлық әскерлері Әскери институты сержанттың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда орналасқан Құрлық әскерлері Әскери институты сержанттың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскери институттың баспасөз қызметінің мәліметінше,12 қыркүйекте институттың инженерлік қалашығының аумағында 1980 жылы туған келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды.

"Алдын ала себеп бойынша,әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып,тергеу шаралары жүргізілу үстінде.


Құрлық әскерлері Әскери институтының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып,көңіл айтады,оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі марқұмның оқу орнының курсанты болмағанын атап өтті.

Еске салайық,бұған дейін Алматыда әскери институттан сержанттың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

""Дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы,1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді",- деп хабарлады ІІМ.