Алматыда 10 бағыттың қозғалыс сызбасы "Астана" алаңының жабылуына байланысты өзгерді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Алматыда Қала күніне орай өтетін ауқымды мерекелік іс-шараларға байланысты 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесі Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін жабылады.
Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше,осы уақыт аралығында 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді.
"Бұл №16,37,48,126,201,205,206,209,210 және 224 бағыттар. "Астана" алаңын шығыс бағытта Қабанбай батыр көшесі арқылы,батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтеді. Сонымен қатар,№16 және 126 бағыттары аталған аумақты Гоголь көшесімен айналып өтеді".