Спорт

Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: ДСМ түсініктеме берді

Sep 8, 2024 IDOPRESS
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысындағы оқушылардың ж

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №8 мектебінің оқушылары мен қызметкерлерінің жаппай улануына қатысты төтенше жағдай:

Бұл жерге Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 10 негізгі және 2 қосымша бригадасы,Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының 4-санатты шақыруларына қызмет көрсетудің 5 бригадасы жіберілді.

Сонымен қатар медициналық ұйымдарға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары тартылды. Балалардың денсаулығына қатысты жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр",- делінген басылымда.

Бұған дейін,Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланған. Қазіргі уақытта іш ауруы,дене температурасының жоғарылауы туралы шағымдары бар 67 бала көмекке жүгінді.

Ал әлеуметтік желіде уланған балалардың саны 92-ге жетті деген ақпарат тарады. Бесшоқы ауылының тұрғыны уланған оқушыларды ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем вагондарының тапшылығы туралы бейне түсірген. Оның сөзінше,арнайы көлік тек бір науқасты тасымалдаған.