"Қазгидрометте" Алматы және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2024 жылы 8 қыркүйекте Алматы,Ақтөбе,Ақтау,Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық,әлсіз жел,тұман,инверсия) жиынтығы.
Синоптиктер сондай-ақ 8 қыркүйекке Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап,жаңбыр жауады,түнде елдің шығысында,оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр,қар) болады. Батыста,республиканың орталығында антициклон әлі де ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі,солтүстікте,шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі",- деді метеорологтар.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз сақталады.