Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ал жаңа құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
"Тиімділікті арттыру мақсатында жобада тиімсіз салық жеңілдіктерінің бір бөлігі алынып тасталды,барлық берілген жеңілдік салық есептілігінде көрсетіледі. Корпоративтік табыс салығының (КТС) төмендетілген мөлшерлемесі көзделген - жоғары қайта бөлінген өнімді экспорттаушылар үшін 10 пайыз",- деді Байбазаров.
Сондай-ақ,министр фискалдық саясат жөніндегі нұсқаулық аясында одан әрі әзірленетін мәселелерді де атап өтті.
"Бұл жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін белгілеу,банк секторы акционерлерінің дивидендтеріне әділ қосымша салық салу,салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру,кәсіпкерлер үшін тиімді жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру,салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру,оның жазалау тәсілінен бас тарту,цифрлық теңгені пайдалана отырып ҚҚС әкімшілендіру тетігін енгізу және өткізу пункттерін жаңғыртуды жеделдету",- деп хабарлады министр.