Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда бірінші сыныпқа 351 176 бала қабылданған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрілігіне сілтеме жасап.
Жаңа оқу жылында барлығы 369 мың бірінші сынып оқушысы күтіледі.
Балалардың жалпы санының шамамен 70 пайызын ата-аналар мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге берген.
Түркістан облысында — 44 мыңнан астам,Алматы облысында — 34 мыңнан астам және Астанада — 26 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары бар.
Еліміздің 7859 мектебінде 3,9 миллионнан астам қазақстандық оқушы жаңа оқу жылын бастайды.
Сондай-ақ,биылғы оқу жылында бізді түлектердің рекордтық саны күтіп тұр - 219 мың жасөспірім 11 сыныпқа көшті.