Спорт

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

Aug 29, 2024 IDOPRESS
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Ол Президентке палатаның б

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Ол Президентке палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындылары туралы баяндады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Ол Президентке палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындылары туралы баяндады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындыларын таныстырды:

теміржолға баса назар аудара отырып,көлік саласына,сондай-ақ Абай,Жетісу,Ұлытау,Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген;

жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған;

кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту,бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру,отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленгенін айтты;

мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасын таныстырды;

биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндады.

Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ қызметін,сот жүйесін,сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы,өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты.