Спорт

Алдағы үш күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Aug 28, 2024 IDOPRESS
Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күндері Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарла

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күндері Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күндері Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің мәліметінше,28 тамызда елордада жауын-шашынсыз бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9,күндіз 19-21 жылы.

29 тамызда жауын-шашынсыз көшпелі бұлттылық күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады,екпіні секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 8-10,күндіз 20-22 жылы.

30 тамызда көшпелі бұлт,кейде жаңбыр жауады,найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13,күндіз 19-21 жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

28 тамызда көшпелі бұлт болады,күннің соңында қысқа жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр,найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17,күндіз 26-28 жылы.

29 тамызда көшпелі бұлтты,найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні секундына 3-8 метр,найзағай кезінде екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17,күндіз 22-24 жылы.

30 тамызда жауын-шашынсыз көшпелі бұлттылық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15,күндіз 24-26 жылы.