Спорт

Тағы да жаңбыр, найзағай: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы

Aug 26, 2024 IDOPRESS
Қазгидромет синоптиктері 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар бүгін Астанада найзағай ойнауы мүмкін деп болжады.

Ақмола облысының солтүстігінде,шығысында,оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында,солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,күндіз облыстың оңтүстігінде,таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі,облыстың орталығында,оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

26 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында,оңтүстігінде,орталығында төтенше өрт қаупі,облыстың батысында,оңтүстік-шығысында,солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында,орталығында жоғары өрт қаупі,облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде,орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде,орталығында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі,облыстың солтүстік-батысында,орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі,облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 тамызда таңертең және күндіз Абай облысының батысында,солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,солтүстігінде,оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады,солтүстік-батысында,оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,түнде облыстың тау асуларында,күндіз солтүстігінде,батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 26 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады,күндіз екпіні 15- 20 м/с

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде,орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында,орталығында жоғары өрт қаупі сақталады,облыстың оңтүстігінде,оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында,шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады,облыстың шығысында,таулы аудандарында екпіні 15-20,кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.