Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт,кейде жаңбыр жауады,найзағай ойнайды,күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14,күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14,күндіз 19-21 жылы.
Алматыда бұлтты,жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 30-32 ыстық.
Шымкентте жауын-шашынсыз,аспан ашық Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18,күндіз 33-35 ыстық.