Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ екі елдің cаяси,сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.