Спорт

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның ісін сот қайта қарамақ

Aug 22, 2024 IDOPRESS
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның ісі бойынша сот процесі қайта басталды,- деп ха

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның ісі бойынша сот процесі қайта басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның ісі бойынша сот процесі қайта басталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамда шу көтерген іс бойынша тыңдау онлайн режимде өтеді. Сотқа Нұрболат Дәкебаев келді. Ол биыл қаңтарда Қарағандыдағы аулалардың бірінде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған болатын. Нұрболат Дәкебаев жүргізушіге бірнеше соққы жасады. Желіде оқиғаның видеосы тарап,резонанс тудырды.

Бұған дейін Нұрболат Дакебаевқа зорлық-зомбылық көрсеткен бұзақылық дерегі бойынша айып тағылған болатын. Іс бойынша алдын ала тыңдау Қарағандыда 6 наурызда басталды. Сот талқылауы барысында жәбірленушінің адвокаты жедел жәрдем жүргізушісінің денсаулығына ауыр зиян келтіргенін мәлімдеді және қосымша сот-медициналық сараптама жүргізу туралы өтініш білдірді.

Еске салайық,айыпталушы жүргізушіні ұрып-соққаннан кейін полициядан бірнеше күн бойы жасырынды. Ол 1 ақпанда Қарағандыдан 200 шақырым жердегі қыстақта табылды. Күдікті ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде жәбірленушіден және қазақстандықтардан кешірім сұрап,полицияға өз еркімен берілуге дайын екенін мәлімдеген видео пайда болды. Алайда,Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктіні ерікті түрде берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.