Ақтөбе облысындағы тасжолда 8 адам жол апатына ұшырады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін,10 тамызда Хромтау ауданындағы Самара - Шымкент тасжолында апат болды. Жеңіл автомобиль мен ауыр жүк соқтығысқан. Екі адам қаза тапты.
"10 тамыз таңғы сағат 06:00-де Хромтау ауданы Донской ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Lada Largus жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Полиция департаменті соталды тергеуді бастады. Барлық қажетті сараптама тағайындалды",- деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апаттан зардап шеккен тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты.
"Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына таңғы сағат 05:58-де келді. Зардап шеккен екі адам 103 келгенге дейін өмірмен үйлеспейтін жарақаттарға байланысты қайтыс болды. Үш науқас Хромтаудағы ауруханаға жеткізілді. Қабылдау демалысы деңгейінде кезекші хирург қарады,амбулаториялық емдеуге ұсынымдармен жіберілді. ЖКО-ның екі қатысушысы тексеруден бас тартты",- деп хабарлады Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
View this post on Instagram
A post shared by ИНФО АКТОБЕ | INFO AQTOBE (@info.aqtobe)