Енді қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ақпарттық технологиялар АҚ мәліметіне сілтеме жасап.
"Пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде. Егер апостилмен анықтаманы таңдасаңыз,Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек.
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама - талап ету орны бойынша ұсынуға,шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге,тұруға ықтиярхат алу үшін,ҚР азаматтығын алу,қайта алу не одан шығу үшін қажет".
Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және "Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту" бөліміне өтіңіз;
"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.
Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
Нәтижені Жеке кабинет тарихында тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут,ал қосымша
тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар үшін мерзім де 5 жұмыс күніне дейін.