Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты "Қазақстан халқына" қоры сынына жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің басымдығы болып табылады.
"Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды",- делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше,облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.
Еске салайық,бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы маңызды мәлімдеме жасаған болатын.