Алматы тұрғындарына су басу қаупі туралы ескертілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары 112 қызметінен 15-16 шілдеде Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілетіні туралы SMS-хабарлама алды.
Ауа райы болжамына сәйкес,15 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады,күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып,екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22,күндіз 31-33 градус жылы.