Спорт

Қазақстандық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне қанша қарыз?

Jul 12, 2024 IDOPRESS
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер қызметкерлеріне қанша қарыз екенін айтты,

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер қызметкерлеріне қанша қарыз екенін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер қызметкерлеріне қанша қарыз екенін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша,мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 190 кәсіпорны 11,2 мың жұмыскерге 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Сонымен қатар,түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 5,6 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

"Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 182 ұйғарым берілді және 26,7 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың,оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 9,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 миллиард теңге төленді",- делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 549 тексеру жүргізген,оның барысында 5 607 заңбұзушылық анықталды,оның ішінде:

еңбек саласында – 4 067;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 485;

халықты жұмыспен қамту бойынша – 55.

Жұмыс берушілерге 2 147 ұйғарым беріліп,276,3 миллион теңге сомасына 2 628 әкімшілік айыппұл салынған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 19,2 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.