Спорт

Жетісулық спортшылар тазалыққа үндейді

Jul 12, 2024 IDOPRESS
Жетісу облысының спортшылары қазақстандықтарды республикалық \"Таза Қазақстан\" экологиялық акциясына белс

Жетісу облысының спортшылары қазақстандықтарды республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды. Мотивациялық бағытта бейнеролик түсіру арқылы,спорттың жауапкершілігі – ел тазалығын сақтаумен парапар екенін жеткізді.

Жетісу облысының спортшылары қазақстандықтарды республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды. Мотивациялық бағытта бейнеролик түсіру арқылы,спорттың жауапкершілігі – ел тазалығын сақтаумен парапар екенін жеткізді.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы бастау алғаннан бері өңір спортшылары айрықша белсенділік танытуда. Барлық спорттың нысандардың маңын қоқыстан тазартып,ауқымды акцияға үлес қосқан спортшылар осы жолы ойларын бейнероликпен жеткізген. Өңір тұрғындарын тазалыққа үндеген мотивациялық бейнеролик әлеуметтік желіде де тез тараған.

Ақмолда Сайрамкез,ауыр атлетикадан әлем чемпионы,Халықаралық дәрежедегі спорт шебері: "Спортта да ел табиғатын аялауда да ортақ бір қыры бар – екеуінде де жауапкершілік пен патриоттық рух аса маңызды рөл атқарады. Дәл сол себепті біз "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына бірлесіп үлес қосуымыз керек деп есептеймін".

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып,тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 160 мыңнан адам атсалысты.

Бүгін Жетісу облысы жастарының ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы және "Игі істер" марафоны аясында "Жинаquest" атты экологиялық квест ойыны өтті. Шараға белсенді жастар,эковолонтерлер,қала тұрғындары мен қонақтарынан жасақталған командалар қатысты. Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдерге қоршаған ортаның,табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып,өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Тазалыққа бағытталған ойын Талдықорған қаласының аумағында 5 локация бойынша өтті.

Сонымен қатар,Көксу ауданы бойынша "Таза аула" және "Таза көше" байқауларының қорытынды күні өтті. Республикалық акция аясында жарияланған байқау аталмыш ауданның барлық 10 ауылдық округінде ұйымдастырылған болатын. Ендігі кезекте ауқымды аудандық сенбілік ұйымдастырылып,соңында ең таза көшелер мен таза аулалар анықталды. Ең таза аулаларға арнайы тақтайшалар ілініп,аула тұрғындары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ағынды Ақсу өзені мен тұмса табиғатқа ие Жалаңаш көлінің жағалауында 100 адамның қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілде.

Айта кету керек,"Таза Қазақстан" акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1183 техника жұмылдырылып,нәтижесінде 6337 тонна қоқыс шығарылып,2226 км арық желісі тазаланды. Сонымен қатар,25 826 м2 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағында акция кезінде 29 514 түп көшет отырғызылды.

Аталған жұмыстар облыстың әр аумағын қамтып,жыл соңына дейін жалғасын таппақ.