Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5 пайызға өсіп,66 миллиард доллар болды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі 19,1 миллиард доллар болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы 7,4 миллиард доллар болды.