Спорт

Астана мен Алматыда алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Jul 4, 2024 IDOPRESS
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

Елордада 4 шілдеде көшпелі бұлт шығады,өткінші жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Солтүстік жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15,күндіз 21-23 градус жылы.

5 шілдеде көшпелі бұлт шығады,күндіз өткінші жаңбыр жауады,күн күркірейді. Солтүстік жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13,күндіз 22-24 градус жылы.

6 шілдеде көшпелі бұлт шығады,өткінші жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-14,күндіз 22-24 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

4 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады,жауын-шашын болмайды. Батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 28-30 градус жылы.

5 шілдеде көшпелі бұлт шығады,күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады,найзағайдың екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18,күндіз 28-30 градус жылы.

6 шілдеде көшпелі бұлт шығады,найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады,күндіз 25-27 градус жылы.