Редакцияның WhatsApp-нөміріне Астана тұрғыны жазып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана тұрғыны рейд кезінде бүкіл мопед жүргізушілері тексеріліп жатқанына шағымданды.
"Ереже бұзғандардың барлығын тоқтатады,тіпті заңбұзушылық болмаса да мопед/скутерлерді,тіпті электрскутерге құжаттары,сатып алу-сату шарты,сәйкестік сертификаты барларды,бәрін алып кетіп жатыр",- деп жазады оқырман.
Полиция департаменті елордада 20-30 маусым аралығында қалада тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлады.
"Жазғы кезең басталысымен елорда жолдарында жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын және ЖКО қатысушылары болып саналатын осы көлік құралдарының саны көбейді. "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айып тұрағына 92 мопед қойылды",- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.