Өндіріс

Өскемендегі зауытта болған жарылыс: қаза тапқандар саны артты

May 12, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

Құтқарушылар өртті оқшаулады. Өндірістегі төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты,тағы бесеуі жарақат алды.

"Қазмырыш" компаниясы мәліметінше,апат себептері мен мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр.

Өлшеу нәтижелері

"Қазгидромет" филиалының мамандары жарылыс пен өрт туралы хабарламадан кейін 5 мамырда таңертең оқиға орнына барғанын хабарлады.

Атмосфералық ауа сынамалары тұрғын аймақта,санитарлық-қорғау аймағының шекарасында және зауыттан жел соққан бағытта алынды.

Ведомство мәліметінше,үш нүктенің екеуінде зиянды заттардың келесідей концентрациясы анықталған:

"Бірінші нүктеде – Белинский көшесі,3 мекенжайында хлорлы сутегі бойынша 1,8 ШРК м.р. (хим.талдау) асып кеткені тіркелді. Екінші нүктеде – Асқар тау көшесі,11 мекенжайында күкіртті сутегі бойынша – 1,7 ШРК м.р. және көміртегі оксиді бойынша – 3,6 ШРК м.р. (тікелей анықтау әдісі) асып кеткені анықталды",– деп хабарлады "Қазгидромет".

Широкая көшесіндегі үшінші нүктеде нормадан асу жағдайлары байқалмады.

Анықтама: Шекті рұқсат етілген концентрация немесе ШРК – бұл ауадағы,судағы немесе топырақтағы зиянды заттың тұрақты әсер ету кезінде адам үшін қауіпсіз деп саналатын ең жоғарғы мөлшері.

Тағы оқыңыз: Өскемендегі зауытта болған жарылыс: зардап шеккендер туралы алғашқы мәлімет пайда болды