Өндіріс

Колумбияда әскери-көлік ұшағының апатынан 66 адам қаза тапты

Mar 24, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Колумбияда C-130 Hercules әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 66 адам қаза тапқан,- деп хабарлайды

Бұл туралы Caracol Radio X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

"Пуэрто-Легисамо,Путумайо аймағындағы оқиға салдарынан 66 адамның қаза тапқаны расталды. Олардың арасында Ұлттық армияның 58 әскери қызметкері,Колумбия Әуе күштерінің алты өкілі және Ұлттық полицияның екі қызметкері бар",- делінген хабарламада.

Радиостанцияның нақтылауынша,апатқа ұшыраған ұшақ бортында 128 әскери қызметкер болған.

#ATENCIÓN | Van 66 muertos confirmados tras el accidente en Puerto Leguizamo,Putumayo. 58 de ellos del Ejército Nacional,6 de la Fuerza Aeroespacial Colombiana y 2 de la Policía Nacional.


Se confirma que en total iban 128 uniformados en el avión siniestrado.…

— ÚltimaHoraCaracol (@UltimaHoraCR) March 24,2026

БАҚ мәліметінше,57 адам аман қалған,біреуі зардап шекпеген,тағы төртеуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Бұған дейін Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес Әуе күштеріне тиесілі Hercules ұшағы елдің оңтүстігінде апатқа ұшырағанын мәлімдеген еді.

Caracol телеарнасының хабарлауынша,бортта 125 адам болған - 11 экипаж мүшесі және 114 әскери қызметкер. Материалда бұл 27-бригаданың әскери қызметкерлерін өңірдегі әскер ротациясы аясында тасымалдап бара жатқан әуе кемесі екені айтылған.

Алдын ала мәлімет бойынша,апатқа ұшақтың маневр жасау кезінде туындаған қиындықтар себеп болған - ұшақ ұшып көтерілгеннен кейін қажет биікке тиісті деңгейде көтеріле алмаған.

Колумбияның Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Карлос Фернандо Сильва Руэда бұған дейін кемінде 48 адамның зардап шегіп,эвакуацияланғанын мәлімдеген.