itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Конституциялық сот ерлі-зайыптының банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарайды. Сот азаматтың өтініші негізінде "Банктер және банк қызметі туралы" заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексереді,- деп хабарлайды
Баспасөз қызметі мәліметінше,аталған нормаға сәйкес,банк құпиясы болып саналатын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот (мүлік) иесінің келісімімен ғана үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін.
Әйелдің пікірінше,бұл ереже іс жүзінде ерлі-зайыпты бірінің ортақ жинақ туралы ақпарат алу мүмкіндігін шектейді және ерлі-зайыптының ортақ мүлкіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді.
Өтініште некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау барысында өтініш беруші бұрынғы жұбайының неке кезеңінде жинақтаған қаражаты туралы мәліметтерді ала алмағаны көрсетілген.
Осыған байланысты әйел екінші деңгейдегі банктерге қатысты тиісті ақпаратты ұсыну міндетін жүктеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алайда сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан.
Отырысқа өтініш иесі мен оның заң кеңесшісі,Парламент палаталарының,Бас прокуратураның,Ұлттық банктің,Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің,Әділет министрлігінің,Заңнама және құқықтық ақпарат институтының,сондай-ақ Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.
Конституциялық соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес Конституциялық соттың ресми сайтында,сондай-ақ "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланады.